Есірткі жасырғаны үшін сотталған мыңнан аса адам мерзімінен бұрын босауы мүмкін

54
19.12.2024 20:58

Елімізде есірткі таратқаны үшін жазасын өтеп жатқан мыңнан астам адам мерзімінен бұрын бостандыққа шығуы мүмкін. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді. Заңда есірткі бизнесін ұйымдастырушылар мен курьер функциясын орындайтын адамдардың жазасы сараланды. Онда Қылмыстық кодексте жеңілтектік салдарынан қылмысқа тартылған жастар үшін жауаптылықты жеңілдету және бас бостандығынан айыру мерзімін өмір  бойына дейін ұзарту нормасы көзделген.  Сенат мақұлдаған заңға президент қол қойып, заң күшіне енсе есірткі жасырғандар мерзімінен бұрын бостандыққа шығуға өтініш бере алады. Бүгінде елімізде есірткі қылмысы үшін 4 мыңға жуық адам сотталған.