Заңсыз қоқыс тасталатын аумақтарға рейд жүргізілді

278
10.12.2024 16:17

Биыл Түркістан облысында 350-ден астам бейберекет қоқыс орны анықталған. Нәтижесінде жеке және лауазымды заңды тұлғаларға 4 млн 700 мың теңге айыппұл салынып, оның төрт жарым млн теңгесі өндірілген. Қазір экологиялық реттеу және бақылау комитеті аудандарға барып, рейд жүргізіп жүр.