Елімізде кредиті барлар саны алдағы уақытта жұмыс істейтіндерден асып түседі дейді мамандар. Соңғы жылдары енгізіліп жатқан шектеулерге қарамастан отандастарымыздың тұтынушылық мақсатта алған несие портфелі өсіп жатыр. Қазақстанда еңбекке қабілетті 9 млн 700 мыңға жуық адам бар десек, несиесі барлардың көрсеткіші осыған сәл ғана жетпей тұр екен. Дегенмен алдағы 2-3 жыл көлемінде асып түсуі мүмкін, өйткені қаржы сарапшылары елдегі Z ұрпақтың да несие алуға бейім екенін болжауда. Ал қарыз алып, қайтара алмай қалған жеке тұлғалардың 52 пайызы – ер адамдар екен. Бұл ретте ер адамдар 5 жыл ішінде дефолтқа түскен қарыздардың 59 пайыз үлесін алған. Яғни, ерлерге қарағанда әйелдер несиені мезгілінде төлеуге тырысатыны байқалған.
️