Биыл елімізге шетелден 11,5 млн турист келген. Ал, ішкі туристер саны 562 мыңға артып, 6 млн адамға жетті. Бұл былтырғымен салыстырғанда екі есеге көп. Туризмге салынған инвестиция көлемі де қарқынды өсіп келеді. Биыл олардың көлемі 34 %-ға артып, 668,1 млрд теңгені құрады. Сондай – ақ, жыл соңына дейін жалпы құны 120,4 млрд теңгені құрайтын 119 инвестициялық жобаны аяқтау жоспарланып отыр. Бұл 1 319 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік бермек.
️