Ұлттық банк базалық ставканы 15,25% деңгейіне дейін көтерді

115
29.11.2024 21:20

Соңғы бір айда доллар бағасы 24 теңгеге өсіп, 511 теңгеге бір-ақ шықты. Ұлттық банк теңгені құлдыратпай ұстап тұру үшін валюта интервенциясын жүргізбек. Сондай-ақ базалық мөлшерлемені де көтерді. Яғни ақша-кредит саясатында базалық мөлшерлеме жылдық 15,25% деңгейіне жетпек. Мамандар бұған азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен нарықтық қызметтер құнының өсуі себеп деп отыр. Сондай-ақ тағы бір себебі - «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыру аясында реттелетін қызметтердің айтарлықтай қымбаттауы. Ұлттық банк бұған дейін жағдайды тұрақтандыру үшін 1 млрд доллар жұмсаған.