Мақтаарал ауданында «Кітап-AMANAT» рухани-ағартушылық орталығы ашылды. Бұл жоба ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға, кітап оқу мәдениетін насихаттауға және қазақтілді аудиторияға ұсынуға мүмкіндік береді. Орталықтың ашылу рәсімінде партияның облыстық филиалы өкілдері, аудан басшылары мен қоғам қайраткерлері қатысты. Ауданның 130 мыңға жуық тұрғынын қамтитын бұл орталық ұрпақ тәрбиесі мен рухани құндылықтарды нығайтуға қызмет етпек. Сондай-ақ, алдағы уақытта осы бағытта аудандық кітапханадан «Коворкинг» орталығын ашу жоспарланып отыр. Айта кетейік, мұндай орталық бұған дейін Жетісай, Түлкібас аудандарында ашылған болатын.
️