Жол апатынан 4 адам қайтыс болды

546
29.10.2024 21:03

 Жан түршігерлік жол апатынан 4 адам қайтыс болды. Қайғылы оқиға Қостанай облысы Әулиекөл - Сұрған республикалық тасжолында болған. 59 жастағы TANK маркалы автокөлік жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, ВАЗ-бен соқтығысқан. Салдарынан екінші көлікте болған төрт адам оқиға орнында қаза тапты. TANK көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы Әулиекөл аудандық ауруханасына жатқызылды. Күдіктіге абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі бойынша соталды тергеу амалдары басталды.