Жыл басынан бері 5 мыңға жуық адам мүгедектікке шыққан

155
29.10.2024 21:02

Түркістан облысында жыл басынан бері 5 мыңға жуық адам мүгедектікке шыққан. Оның көпшілігіне негізінен қан айналымы жүйесінің сырқаттары, қатерлі ісік пен жарақат алу себеп болыпты. Ал 18 жасқа дейінгі мүгедек-балалар туа біткен ауытқулар, нерв жүйесі аурулары мен психикалық және мінез-құлқының бұзылуы бойынша мүгедек деп танылған. Бұл статистиканы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында жауапты сала басшысы Бегман Нұрмаханов мәлімдеді. Айта кетсек, облыс бойынша мүгедектігі бар адамдардың саны 100 мыңнан асады.