Оңалту орталығы ашылды

1050
25.10.2024 03:16

Республика күніне орай Сауран ауданында «Самғау» оңалту орталығы ашылды. 200 орындық замануи кешен 18 жастан асқан мүгедектігі бар азаматтарға арналған. Жаңа орталық бір мезгілде 200 адамға оңалту қызметін көрсетуге қауқарлы. Жобаның құны - 2,5 миллиард теңге. Құрылысы 3 жылға созылған нысан мереке қарсаңында пайдалануға берілді.