“Тұран скауттары әскери патриоттық қозғалысы” өз мәресіне жетті

24
21.10.2024 18:58

“Тұран скауттары әскери патриоттық қозғалысы” өз мәресіне жетті. 4 күнге созылған шара Біркөлік шатқалында өтті. Онда Түркістанның әр ауданынан келген 150 бала топ болып, түрлі спорт түрінен бақ сынасты. Сайысқа альпинизм және су туризмі нұсқаушылары төрелік еткен. Жарыс жеңімпаздары медальдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.