Түркістан қаласында жылу қашан беріледі?

41
18.10.2024 21:27

Түркістан қаласында жылу 20 қазаннан бастап берілетін болды. Жалпы, қазір «Жылу» мемлекеттік мекемесіне қарасты 17 қазандық мен 55 шақырымдық құбыр тексерістен өтіп жатыр. Қазандықтардағы негізгі отын түрі – табиғи газ. Шаһардағы көпқабтты тұрғын үйлер мен мекемелерде қысымдау жұмыстары жүргізілуде. Ал, жауапты мамандар қысымдау кезінде тұрғындардан үйде болуларын, тым құрығанда баспаналарының кілтін көршілерге тастап кетуін сұрайды. Егер қандай да бір қауіпті байқаса 109 колл орталығына немесе 1310 нөміріне хабарласу керектігін ескертті.