Ең ұзын көпір тексерілді

23
15.10.2024 16:03

5 күннен бері жайылымда жоғалған  жылқы табылды. Сайрам ауданы полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан шағым түскен. Өтініш иесі, өзінің 22 бас жылқысын таба алмай жүргенін жазған. Хабарлама алған сәттен бастап, оқиға орнынан жергілікті учаскелік полицейлер жетіп, мән-жайды анықтады. Іздестіру кезінде, ауыл-аймақтың барлық жері түгелдей тексерілді. Нәтижесінде, 24 сағат ішінде 4 шақырым қашықтықтан жоғалған жылқылар табылды. Қазақстандағы ең ұзын көпір тексерілді. Бұқтырма су қоймасындағы жаңадан салынған 1 300 метрлік көпір арнайы сынақтан өткізілді. Көпір құрылысын тексеру үшін жалпы жүктемесі 450 тонна болатын 15 жүк көлігі тартылған. Арнайы құрылғылар көпірдегі деформация, діріл және жүктемені бөлу көрсеткіштерін тіркеп алды.  Сынақ нәтижесінде көпір толықтай қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетіні анықталды.