Мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы 200-ден астам жоба жүзеге асырылуда

44
14.10.2024 21:43

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік» өңір саясатын жүргізетін негізгі тетіктердің бірі. Түркістан облысында соңғы 7 жылда осылайша 240 жобаға келісімшарт түзіліп, кәсіпкерлер 247 млрд 300 млн теңгеге мемлекеттік міндеттеме алған. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды. Мемлекеттік міндеттемелердің дені білім, спорт, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы бойынша алынған. Биыл  осының арқасында 130 жоба іске асырылған.