Түркістан облысында 120 мыңға жуық жұмыс орны ашылады

47
14.10.2024 21:42

Биыл Түркістан облысында 90 мыңға жуық тұрғын жұмыспен қамтылды. Жауаптылар биыл 118 мыңнан астам азаматтың екі қолына бір күрек тауып береміз дейді. Деседе жоспарды орындауда заңсыздықтар да болыпты. «Еңбек мобильділігі» мен «Мансап» орталықтарына тексеріс жүргізіліп, қаржы жымқыру фактісі анықталған. Құзырлы органдар кінәләлерден мемлекет қазынасына 82 млн 800 мың теңгені қайтарып алған. Осылайша 43 қызметкердің тәртіптік жауапкершіліктері қаралған. Оның ішінде 16 адам жұмыстан босатылды.