Түркістан
EN

Қазақстан азаматтығын алатындарға қазақ тілін білу міндеттелді

235
15.10.2024 02:39

Қазақстан азаматтығын алатындарға қазақ тілін білу міндеттелді. Аталған талапты Ғылым және жоғары білім министрлігі бекітті. «Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезінде қарапайым деңгейде мемлекеттік тілді кемінде 36 балл, ҚР Конституциясының негіздерін кемінде 9 балл, сонымен қатар Қазақстан тарихын кемінде 15 балл білу көлемі бекітілсін»,- делінген құжатта. Бұйрық 12 қазаннан бастап күшіне енді.

️