Түркістанда "күйеуін қылқындырып өлтірген" әйел 8 жылға сотталды

47
14.10.2024 21:39

Түркістан облысында "күйеуін қылқындырып өлтірген" әйел 8 жылға сотталды. 49 жастағы Лобар Хажиева Қылмыстық кодекстің "Адам өлтіру" бабы бойынша кінәлі деп танылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтемек. Хажиева кінәсін толық мойындап, марқұмның ағасынан кешірім сұраған. Алайда жәбірленуші тарап келініне кешірім бермеді. Еске салсақ жантүршігерлік жағдай Сайрам ауданы Қарамұрт ауылында болған еді. 4 баланың анасы 30 жыл отасқан күйеуін белбеумен буындырып өлтірген. Айыпталушы "ішімдік ішіп, отбасының мазасын алған күйеуін "қасақана өлтіріп, аса ауыр қылмыс жасаған". Сот сарапатамасы сотталушының психологиялық ауытқуы жоқ, қылмыс жасаған кезде аффект жағдайда болмағанын көрсетті.