Қазақ-қырғыз шекарасында бір айдың өзінде 10 мың тонна бензин заңсыз тасымалданған. Бұл туралы Қаржы мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. Дереккөзге сүйенсек, қырғыз көліктері бензинді көлігінің багына немесе қолдан жасалған қосымша бактарына құйып алып, заңсыз әкетіп жатыр. Жалпы, жыл басынан бері жанар-жағармай тасымалына байланысты 21 қылмыстық іс тіркелген. Бұл заңсыз айналымның көлемі 3,5 мың тоннадан, ал құны 900 млн теңгеден асқан.
️