Сайрам ауданында 89 референдум учаскесі қарқынды жұмыс істеп жатыр. Жалпы аймақтағы 260 мың тұрғынның 137 мыңнан астамы бүгінгі саяси науқанда дауыс беру құқығына ие. Қазіргі таңда өз таңдауын жасауға келгендердің қарасы қалың. Аудан әкімінен бастап, ардагерлер, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға дейін ат салысуда. Әр учаскеде мүгедектерге толықтай жағдай жасалған. Ол үшін арнайы бұрыштар тактильдік төсемелер және пандустармен жабдықталған.
️