Түркияда білім алып жатқан студенттер де референдумда белсенділік танытып жатыр. Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығына қарасты провинцияларда білім алып жүрген студенттер жаппай референдумге келіп, өз азаматтық ұстанымдарын білдіруде. Жалпы, дауыс беруге 40-тан астам университеттен студенттер келген. Бұл жайлы еліміздің Сыртқы Істер министрлігі хабарлады.
️