Украин қызы - қазақтың келіні

264
24.05.2021 10:16

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, ТӨЛЕ БИ АУДАНЫ

Мен қазаққа келін болғанымды мақтан етем! Төле би ауданы Қоғалы ауылында Оксана есімді украин қызы тұрады. Алайда қазақшаға судай осы бір апамызды өзге ұлт өкілі деуге қимайсың. Себебі қазақ жігітіне тұрмысқа шығып, 7  ұл-қыз тәрбиелеп отырған Оксана тіпті есімін Ақсәуле деп өзгертіп жіберген. 

қар қар қар. Молодец. Дыр-дыр-дыр 

Әсіресе, жылқыға деген мейірімі ерекше Ақсәуленің өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығуына  әуелі әке-шешесі қарсы болған. Алайда қыздарының жай жігітті ғана емес, қазақтың тұрмыс-салтына, әдет-ғұрпына ынтықтығын сезінген олар рұқсатын беріпті. Содан бері отыз жылға жуық уақыт ішінде Оксананы бітім-болмысы түгелдей қазаққа айналған. 

АҚСӘУЛЕ ТАКИШЕВА -

  ...бала-шаға бағып отырмын, Құдайға шүкір. 7 бала шағам бар. Құдайға шүкір Әлхамдулла. өкініп отқан жоқпын.құдайға шүкір. Сонша бала шағам бар. Шүкір Бәрі жақсы. 

 Жүрегі қазақ деп соққан ол салт дәстүр мен ырым-жоралғыларға құрметпен қарайды. Келін боп түскен күннен бастап күйеуінің туыстарына сәлем салады. Алғашқыда ұлттық тағам әзірлеу қиын болса керек, алайда абысындары көмекке келген. Соның арқасында бүгінде ет асудан бастап, бауырсаққа дейін бәрін дәмді әзірлейді.  Ол аз десеңіз, 10 жылдан бері бие сауып келеді.

АҚСӘУЛЕ ТАКИШЕВА -

Мен негізі биені көрген емеспін. Саудамен айналыстым. Кейін қайын атаммен келдім. Осы жердіңкі. Жылқы ұстайық дейдім. Көрдім. Ұстадым. Ұнады. Асау жылқыларды көрдім. олар жолатқызбайды. нан беріп,жем беріп үйретіп алдым.құдай қаласа тағы екеуі туады сомен 10 болады. 

Ақсәуле жеңгеміздің жылқы малын жақсы көретіні сонша, тіпті олардың әрқайсысына ат қойып алған. Күніне 5 мәрте сауады. Бір биенің өзі 6-7 литр сүт береді. Саумал ішіп, емделіп кететіндер де бар. 

AҚСӘУЛЕ ТАКИШЕВА - 

НЕГІЗІ САУМАЛДЫҢ ШЕЛЕГІН ЖЕРГЕ ҚОЙМАЙ СҮТ ІШКІЗЕДІ. СОЛ ЕМ БОЛАДЫ.ДЕНСАУЛЫҚҚА ӨТЕ  ПАЙДАЛЫ БОЛАДЫ. 

-Дәмін көрейік

- Өте керемет