Қызыл Кітапқа енген Тянь – Шянь қоңыр аюы видеоға түсіп қалды. Фототұзақ Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы ғылыми – зерттеу жүргізу мақсатында құрылған. Аюдың денесінің ұзындығы 1,5 – 2 метр аралығында, ал салмағы 135 – 200 келіге дейін жетеді. Ол қорықта теңіз деңгейінен 1500 – 3500 метр биіктікте кездеседі. Еске салсақ, осыған дейін Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында сирек кездесетін алабарыс фототұзаққа түсіп қалған еді. Одан өзге, Іле Алатауын мекендейтін ілбістер кадрға іліккен болатын.
️