Атырауда жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді көлік қағып кетті

130
01.10.2024 12:48

 Атырауда жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді көлік қағып кетті. Оқиға кеше кешкі 7 шамасында болған. Желіде тараған бейнежазбадан тәртіп сақшысының  жол үстінде жатқанын көруге болады. Әзірге белгілісі, патрульдік полицейді Toyota Corolla көлігін тізгіндеген  жүргізуші қағып кеткен. Оқиға салдарынан ол түрлі дене жарақаттарын алған. Қазір жағдайы бірқалыпты.