Жамбыл облысында 2 қабатты мейрамханадан өрт шықты

48
30.09.2024 15:40

Жамбыл облысында 2 қабатты мейрамханадан өрт шықты. Құтқарушылар қонақтарды қызыл жалыннан арашалап, 250 адам эвакуацияланды. Өрт салдарынан 4 адам медициналық көмекке жүгінген. Оның біреуі ауруханаға жатқызылып, көмірқышқыл газымен уланған үш адам дәрігерлердің бақылауына алынды. Нақтыланған мәліметтер бойынша алдымен мейрамхананың шатыры жанып, кейін 2-ші қабаттың шағын залына көшкен. Бүгінде тілсіз жаудың себебі анықталуда.