Түркістан
EN

«Сақшы» жобасының жеңімпаздары марапатталды

17
18.11.2026

Түркістанда қаржылық алаяқтықтың алдын алуға бағытталған «Сақшы» жобасының жеңімпаздары марапатталды. Интерактивті ойынға облыстың 500 мыңнан астам оқушысы мен студенті қатысқан. Олар қаржылық сауаттылығын сынап қана қоймай, алаяқтықтың зардабын түсіндіретін әлеуметтік бейнероликтер де түсірген. Байқаудың үздіктері кім? Сюжеттен көрейік.

Төртінші сынып оқушысы Айша «Сақшы» байқауында үздіктер қатарынан көрінді. Бірінші кезеңінде интернеттің әккілері қандай әрекеттер жасайды деген  сауалға мүдірмей жауап беріп, келесі сынға жолдама алған. Сынып жетекшісімен бірге сценарий жазып, арнайы бейнеролик түсіріпті. Онда жеке деректерді қорғау және күмәнді ұсыныстардан сақтану жолдарын көрсеткен.