Ауғанстанда қыз-келіншектер үшін білім алу, жұмыс істеу, тіпті спортпен шұғылданудың өзі үлкен кедергіге айналды. 2021 жылы «Талибан» қозғалысы билікке келгелі елде әйелдердің құқығы барынша шектелген. Қыздарға мектеп пен жоғары оқу орындарының есігі жабылып, нәзік жандыларға көптеген салада еңбек етуге тыйым салынды. Соған қарамастан, ауған әйелдері мойымай, жасырын түрде кәсіп ашып, өскелең ұрпақтың сауатын ашып, жан-жақты дамуына үлес қосып жүр.
Елдегі шектеулерге қарамастан кәсіп бастағандардың бірі - 40 жастағы кубалық келіншек. Ол бірнеше жыл бұрын сұлулық салонын ашқан. Биліктегі өзгерістен сескенгенімен, әлі күнге дейін кәсібін жүргізіп отыр. Бастапқыда мұның бұл әрекетін байқаған талибандар барлық жабдығын тәркілеп әкеткен. Алайда, соған қарамастан пәтер жалдап, кәсібін қайта жалғастырыпты. Қазір өзі сияқты жеті әйелді жұыспен қамтып отыр.