Түркістан
EN

Шэньчжэньде экономикалық саммит өтеді

5
18.11.2026

18-19 қарашада Қытайдың Шэньчжэнь қаласында Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығының 33-ші саммиті өтеді. Форумға әлемнің экономикасының 21 көшбасшысы қатысады. Бұл елдердің үлесіне әлемдік жалпы ішкі өнімнің 62 пайызы және жаһандық сауданың жартысына жуығы тиесілі. Биылғы басқосудың тақырыбы – «Ортақ өркендеу жолында Азия-Тынық мұхиты қоғамдастығын құру». Күн тәртібінде ашықтық, инновация және өзара ынтымақтастық мәселелері қаралады. Атап айтқанда, еркін сауда, жасанды интеллект, цифрлық экономика және жаһандық жеткізу тізбегінің тұрақтылығы талқыланады. Қала тұрғындары халықаралық кездесуден экономикалық байланысты нығайтып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын нәтижелер күтеді. Әсіресе, шетелдік кәсіпкерлермен әріптестік орнап, сауда айналымы артады деген үміт басым.