Заңсыз ойын бизнесімен күрес күшейді

68
27.09.2024 17:36

Биыл 9 айдың ішінде заңсыз ойын бизнесіне қатысты Түркістан облысында 10 - қылмыстық іс тіркелген. Нәтижесінде 13 - заңсыз ойын залының жұмысы тоқтатылыпты.  2 – ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталып, 500-ге жуық заңсыз ойын сайттары бұғатталған. Бұл туралы Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшы орынбасары мәлімдеді. Жауаптылардың айтуынша 2023 пен 2024 жылдары заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушылардан жалпы құны – 64 млн теңгеге жуық қаржы тәркіленген