Тегін дөнер жеймін дегендер 4 көшеде кептеліс жасады. Астанада блогер дәмхананың ашылуына орай «1000 донер тегін таратылады» деп жарнама жасаған. Оған 4 мың адам келіпті. Тіпті көшедегі кептелісті реттеуге тәртіп сақшылар тартылған. Полиция қызметкерлері ұйымдастырушыларды анықтап, жеке кәсіп иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
️