Үкімет басшысы: энергияның орнықты баламалы көзі қажет

10
20.09.2024 20:40

Республика бойынша жылу электр орталықтарының көбі тозған. Мәселен, Ақтөбе облысы және Қазақстанның солтүстік өңірлері Ресейден электр қуатын сатып алып отыр. Сондықтан ұзақмерзімді энергетикалық тұрақтылық үшін елімізге энергияның орнықты баламалы көзі қажет. Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барған Премьер-министр Олжас Бектенов осылай деді. Үкімет басшысына «Бадамша», «Бадамша-2» жылу электр станциясының жұмысы туралы баяндалды. Іске асырылуына 69 млрд теңге жеке инвестиция бағытталған бұл энергетикалық турбиналар Қазақстандағы ең ірісі болып саналады. Жоба шеңберінде шамамен 37 мың үй шаруашылығының қуат тұтыну көрсеткішіне тең энергия өндіріледі. Дегенмен ауа-райына байланысты болғандықтан бұл энергия көзі тұрақсыз дейді мамандар.