«Генерал ене» атанған әжей

48
16.09.2024 21:30

Үш буын келін түсіріп, шөпшек сүйіп, әзиз ана болып отырған әжелер қатары бүгінде сирек. Бір отбасыны ұйытып, әулеттің мәуелі бәйтерегі айналу да - қажырлы еңбек. Түркістандық Ырыс Тәшметова апамыз бүгінде осындай дәрежеге жетіп отыр. Шөбере келін түсіріп, генерал ене шенін алған десек те болады. Арнамыздағы дәл осындай атаумен жарияланған байқаудың бүгінгі кейіпкері де өзі. Бағы мен берекесі ұштасқан отбасымен Әлия Мұхтарқызы тілдесіп қайтты.