Көшпенділер ойынында Қазақстан құрамасы жеңімпаз атанды

53
13.09.2024 21:17

Қазақстан V дүниежүзілік көшпенділер ойындарының үздік командасы атанды. Турнирде ұлттық құрама  44 алтын, 33 күміс, 37 қола медальмен жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді. Екінші орынға 18 алтын, 21 күміс, 25 қоламен Қырғызстан құрамасы жайғасқан. Ал үздік үштікті Өзбекстан құрамасы түйіндеді. Олар 11 алтын, 12 күміс, 11 қола жүлдені иемденген. Жалпы, көшпенділер ойнына 89 елден 2 430-ға жуық спортшы қатысты. 21 спорт түрінен 97 медаль сарапқа салынды. Жарыс қорытындысы бойынша 18 мемлекет алтын жүлде жеңіп алса, 16 мемлекеттің қоржынында күміс, 28 мемлекеттің қоржынында қола медаль бар.   Айта кетейік, келесі дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2026 жылы Қырғызстанда өтеді