Облыстық қоғамдық кеңес отырысы

84
11.09.2024 20:46

Түркістан облыстық қоғамдық кеңесінің отыз алтыншы отырысы өтті. Жиында қатысушылар өңірдегі маңызы бар 16 мәселеге тоқталып, талқыға салды. Мәселен, соның бірі - балық шаруашылығы. Осы салаға берілетін субсидия, қызмет ететін маман даярлау, балық азығын өндіретін заманауи зауыт ашу сынды бірнеше өзекті мәселелерді көтерді. Сонымен қатар, өңірдегі балық көлемін арттыру үшін арнайы су айдындарын пайдалану жұмыстары да айтылды.