"Томирис патшайымды" мектепке шақырып, дүркіретіп күтіп алған директор жұмысынан қуылды

75
11.09.2024 19:35

Томирис патшайымның әлегі. Жамбыл облысында Тұрар Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары мен мектеп директоры қызметінен босатылды. Еске салсақ әлеуметтік желіде «Томирис патшайым» атымен танымал болған балгердің мектепке барған бейнежазбасы қоғамда үлкен шу тудырды. Тереңөзек тумасы Гүлсара Көпбаева түлеп ұшқан мектебіне арнайы шақыртылған. Тіпті оны күтіп алу үшін мұғалімдерден ақша жиналыпты. Емшінің өзі болса мектепке оқушыларға қайырымдылық жасау мақсатында барғанын жеткізген. Алайда әкелген киім-кешегі жыртық, ойыншықтары ескі-құсқы болып шыққан.