Түркістанда 250 адамды сан соқтырған алаяқ іздестірілуде

140
09.09.2024 17:38

Түркістанда 250  адамды сан соқтырған алаяқ іздестірілуде. Ол жұртты су тазартатын фильтр құрылғысын орнатып беремін деп сендіріп, ақша алған. Ал тағы біразына: қайырымдылық қорым бар деп атынан несие рәсімдеген. Тұрғындар, алаяқтың арбауына қалай түскенін білмейді. 80 миллион теңгені қалтаға басып, тайып тұрған алаяқ қайда? Ашынған тұрғындармен тілшіміз тілдесіп қайтты.