Мал басына қажетті ортақ жайылым тапшы

73
06.09.2024 21:24

Түркістан облысында жайылым жер тапшы. Жалпы, облыста мал шаруашылығы көрсеткіштері оң динамиканы көрсеткенімен, өткен жылдың өзінде 2200 гектар жер тапшы болған. Шаруашылық жүргізуші кәсіпорындар үшін бұл мәселе болмағанымен, ауыл аймақтарда мал басына қажетті ортақ жер жетпейді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында бұл мәселеге ерекше тоқталды. Заңсыз алынып, пайдаланылмай жатқан жер заң бойынша  мемлекетке қайтарылуға тиіс. Өткен жылы әкімдіктер тарапынан атқарылған жұмыстар нәтижесінде, 1,3 млн гектар ортақ жер халыққа қайтарылған. Биыл 304 мың гектарға ұлғайту жоспарланған. Айта кетейік,аймақта жайылым жердің жалпы аумағы 8 млн. 850 мың гектардан асады.