Алматыда жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен мопед жүргізушісі ұсталды

71
06.09.2024 21:22

Алматыда жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен мопед жүргізушісі ұсталды. Бейнежазбадан мопед соққысынан кейін жас қыздың бірнеше метрге ұшып кеткенін байқауға болады. Алайда қос дөңгелекті көліктің иесі оған көмектеспей, оқиға орнынан ізін суытқан. Қазір ауыр соққы алған жаяу жүргінші  ауруханада жатыр. Полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында 23 жастағы күдікті ұсталып, үстінен қылмыстық іс қозғалды.