Қарағандыда 6 көлік соқтығысты: бір адам қаза тапты

64
03.09.2024 12:39

Қарағандыда жантүршігерлік жол апатынан 1 адам көз жұмды. Үшеуі ауруханаға жеткізілді. 6 көліктің сау-тамтығы қалмаған. Полицияның хабарлауынша, оқиғаға Lexus автокөлігінің жүргізушісі себепкер болған. Бейресми мәліметке сенсек, құқық бұзушы - елімізге танымал бизнесмен. Ол қатты жылдамдықпен келіп, сол екпінмен үш көлікті соққан. Полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғап, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.