Стадионның тозығы жеткен

56
03.09.2024 12:38

Шымкенттегі орталық стадион көпшіліктің сынына ұшырады. Әлеуметтік желіде тозығы жеткен ғимараттың іші түсірілген видео тарады. Кадрлардан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионның қабырғасы сөгіліп, дәретханасы қирап жатқанын байқауға болады. Айта кетсек, мұнда жергілікті "Ордабасы" футбол командасы жаттығады. Желі қолданушылары «Шетелдік ойыншыларға қаржы бөлгеннен стадионды жөңдеген абзалырақ»,- деген пікір білдіріпті.