Түркістан облысында коронавирус инфекциясының тәуліктік өсімі 1.08 пайызды құрап, өңір «жасыл» аймаққа енді. Мұнда соңғы тәулікте 110 адамнан індет анықталған. Бүгінде Түркістан облысынан басқа өңірдің бәрі «қызыл» аймақта тұр. Бұл өз кезегінде вакцина салдырудың маңыздылығын көрсетеді дейді мамандар. Соңғы мәлімет бойынша өңірде екпе қабылдағандар саны 600 мыңнан асқан. Аталған көрсеткіш бойынша Түркістан облысы Республикада екінші орында тұр екен. Сондай-ақ, өңірде ПТР лабораториялар саны артқан. Жалпы 900 мыңнан астам ПТР сынамасы алынған. Ал, соңғы бір тәулікте зертханаларда 2928 адам тексеруден өткен Вирусологилық зертхана тәулігіне 500-ден астам анализ қамтуға қауқарлы. Бұл күндері 150-200 анализ көлемінде жасап жатырмыз. Биыл 2021 жылдың соңғы айында 19 577 сынама алынған. Оның 79 адамда оң нәтиже көрсетіп, 0.4 пайызды құрап отыр. Жасыл аймақтағы карантиндік шектеулер облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысы шыққан соң айқындалады.
️