Сауран ауданы Жаңа Иқан ауылында қара темірден түйін түйген шебер тұрады. Ата-бабадан келе жатқан өнерді өлтірмей келе жатқан ұста бүгінде тұрмысқа қажет бұйымдардың сан түрін жасайды. Қала берді кәсібіне қажет құралдарды өзі жасап алатын азаматпен тілшіміз Алтынбек Әмит танысып қайтты.
Рашид Юлдашев - 25 жылдан бері ұсталықпен айналысып келе жатқан шебер. Көбіне тұрмысқа керекті пышақ, күрек, кетпен секілді құрал саймандар жасайтын ұста, зергерлік өнерді де меңгерген. «Қанмен келетін қасиетті өнерге балаларым да ерекше қызығады», - дейді ол.
РАШИД ЮЛДАШЕВ – ТЕМІР ҰСТАСЫ
Бүгінде сирек кездесетін кәсіпті жанына серік еткен Рашид Юлдашевтың бауыры Ұлықбек Юлдашев та - он саусағынан өнер тамған дарынды жан. Темір өңдейтін құрал-жабдықтарды сатып алуға қаражаты жетпеген соң, қымбат станоктарды өзі жасап шығуды үйренген.
ҰЛЫҚБЕК ЮЛДАШЕВ - ӨНЕРТАПҚЫШ
Шағын ғана шеберханада бүтін бір ауылдың керек-жарағын түгелдеп жүрген ағайынды ұсталар алдағы уақытта жұмыс күшін көбейтпек ниетте. Ол үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетілгенін қалайды.
РАШИД ЮЛДАШЕВ – ТЕМІР ҰСТАСЫ
️