Түркістан
EN

Үкімет басшысы егін жинау науқанын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды

342
16.08.2024 21:21

Олжас Бектенов Үкіметке егін жинау науқанын ерекше бақылауды тапсырды. Сондай-ақ элеваторларды өткен жылғы егін қалдықтарынан 10 қыркүйекке дейін босатуды міндеттеді. Арнайы кеңес өткізген Премьер-министр салаға жауапты министрлік өкілдерін, сондай-ақ Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының әкімдерін тыңдады. Олар ауыл шаруашылығы техникасының науқанға сақадай-сай екенін жеткізді. Жаппай астық ору жұмыстары 20 тамыздан басталмақ. Айта кетсек, Үкімет биылғы көктемгі егіс пен егін жинауға 580 млрд теңге көлемінде рекордтық қаражат бөлген болатын.

️