Түркістан облысында эпидемиологиялық жағдай күрделене түсті. Өңірде пандемия басталғалы бері індет жұқтырғандар саны 10 мыңға жуықтаған. Оның 7 599-ы дерттен жазалып шықса, 58-і көз жұмған. Ал, соңғы тәулікте 132 адамнан індет анықталған. Бастапқы кездегіден қарағанда, облыста індетке қарсы екпе салдырғандар қатары да көбейген. Бір ғана Түркістан қаласының өзінде вакцинаның 1-ші компонентін 40 240 адам қабылдаса, толық екпе алғандар саны 23 мыңға жуық. Бүгінде бұл көрсеткішті арттыру үшін облыста 141 егу пункті іске қосылған.
️