Егінге орақ түсті: 50 тоннадай астық жиналады

154
25.07.2024 19:45

Төлеби ауданында егін орағы басталды. Биыл ауданда 22 мыңнан астам гектар аумаққа астық дақылдары егілді. Қазіргі таңда оның 2 мың гектар жері орылып, 5 мың тоннаға жуық өнім жиналды. Жалпы осы жылы 50 мың тонна астық жиналады деп жоспарлануда. Яғни, 15 гектарға бидай егіліп, 34 мың тонна өнім жинау жоспарлануда. Сондай-ақ, 7240 гектар аумаққа арпа дәні себіліп, қазіргі кезде 5 тоннаға жуық өнім жиналған. Жалпы арпадан биыл 15 200  тонна өнім күтілуде. Аудан шаруалары мақсары егуден облыста үздік атанғанын ескерсек, одан 14 мың тоннаға жуық өнім алу жоспарлануда. Бұған қоса, 15 800 тонна жеміс-жидек, 960 тонна жүзім жинау да жоспарланып отыр.