Тауда адасып кеткен турист аман-есен табылды

109
23.07.2024 17:01

Түркістан облысында тауда адасып кеткен турист құтқарылды. 49 жастағы ер адам Төле би ауданындағы Біргөлік ауылының маңында таудан түсіп келе жатып адасып кеткен. Облыстық төтенше жағдай департаментінің құтқарушыларының дереу іске кіріскеннің арқасында турист аман-есен табылды. Оған тіпті медициналық көмек те қажет болған жоқ.