Бокстан ересектер арасында халықаралық кубок басталды

280
19.07.2024 19:59

Түркістанда даңқты боксшы, КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері Әбдісалан Нұрмахановты еске алуға арналған турнир басталды. Бокстан ересектер арасындағы ХХХ-шы халықаралық турнирге 145 спортшы қатысуда. Олар - еліміздің 15 аймағынан және көршілес Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Камбоджа мемлекеттерінен іріктелген былғары қолғап шеберлері.