Шардара ауданында жастар слеті өтті

286
19.07.2024 17:49

Түркістан облысының 200 жас азаматы  Шардара ауданына арнайы  барды. Онда Жастар слеті өтті. Лудоманияның алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатындағы шараға Түркістан облыстық жастар ресуртық орталығы ұйытқы болған. Орталық басшысы сондай-ақ жиын барысында мемлекеттен қайтарымыз несие алып, іс бастаған кәсіпкерлердің жұмысымен танысты. Слет аясында сондай-ақ командалар аясында жарыс өтті. Қатысушылар суда жүзу, кедергілерден өту, жорғалап жүру, құм толтырылган қапшықпен жүгіру сынды кезеңдерден сүрінбей өтті.