Өңірде 6 млн ағаш өсіп келеді

419
17.07.2024 19:55

6 миллионға жуық ағаш көшеті өсіп жатыр. Бұл жайында өңірлік коммуникация бөлімінің брифингінде «Жасыл аймақ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы айтты. Мекеме  қарамағында 2 тұқымбақ бар.  140 гектар аумақты алып жатқан бақта 28 түрлі талдың көшеттері өсірілуде.  Сондай-ақ 5,7 миллионнан астам көшет жайқалып тұр.