Су тұшыту қондырғылары қойылмақ

212
17.07.2024 19:53

Ақтау қаласында су тапшылығын азайту мақсатындағы жұмыстар қарқынды жүруде. Алдағы тамыз айына дейін қос жобаны аяқтау көзделіп отыр. Соның бірі - «Каспий» су тұшыту зауытының қуатын тәулігіне 20 000 текшеметрден 40 000 текшеметрге дейін ұлғайту».  Жобаның құрылысы бітуге таяу. Бүгінде техникалық жабдықтары келді. Сондай-ақ, «МАЭК» комбинатында екінші орталық сумен жабдықтау торабы іске қосылды.  Ол тәулігіне 6 000 текшеметр су тұшытады.