Түрік елінде қазақ күйі күмбірледі

143
09.07.2024 20:15

Ыстанбұл қаласында ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік концерт өтті. Қандастарымыз көптеп шоғырланған Зейтінбұрнұ ауданындағы Абай алаңында осындағы домбыра үйірмесіне қатысатын жастардан құралған шағын оркестр күй тартып, ән шырқады. Ашық аспан астында өткен концертті жергілікті қазақтар ғана емес, бауырлас түріктер, сондай-ақ шетелдік туристер де тамашалады. Көрермендер өнерпаздармен бірге ән шырқап, кештің сәнін кіргізді.