Жыл басынан бері республикада тілсіз жау 29 баланың өмірін қиды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин халыққа есеп беру кездесуінде мәлімдеді. Оның сөзінше, ата-анасының қарауынсыз қалған балалар арасында өлім саны көбейген. Өрттен көз жұған 29 бүлдіршіннің 13-і үйінде үлкендердің қарауынсыз жалғыз қалғандар екен. Министр Жамбыл облысы мен Түркістан қаласында болған қайғылы оқиғадан барлығымыз сабақ алуымыз керек деді. Естеріңізге салсам, биыл ақпан айында Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде табиғи газдан иіс тиген бес адам өлі табылған. Олардың төртеуі – кәмелетке толмаған бала. Ал 19 ақпан күні Жамбыл облысы Жаңатас қаласындағы көп қабатты үйдің пәтерінен өрт шығып, бір үйдің бес баласы көз жұмған еді.
ЮРИЙ ИЛЬИН ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ
Балаларды аз уақытқа жалғыз қалдырудың соңы орны толмас қайғылы жағдайларға әкеп соғуы мүмкін. Сол себепті азаматтарға айтарым: балалармен түсіндіру және тәрбие жұмысын өткізіңіздер. Әрине, әртүрлі жағдай болады, бірақ мүмкіндігінше балаларды қараусыз қалдырмаңыздар.
️